Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында Мәуліт мерекесі өтті (ФОТО)

07.01.2016 3646 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы қаласы Жастар ісі бөлімі мен Медеу ауданының мешіттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында Мәуліт мерекесі өтті.

Рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталды. Алғашқы сөзді Медеу ауданының Бас имамы Тілепберген Жакиев алып, барша мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе Мәулітті атап өтудің маңыздылығын толғанысқа толы оймен жеткізді.

Аудан имамы рухани кеште: «Барша мұсылман жұрағаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туылған күніне орай əр жылдың рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағымызға үлгі ете білу»,-деді.

Рухани кеште елге танымал әншілер ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы уағыз-насихат айтылды. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды.

Кеш соңында мұқтаж жандарға билеттен түскен қаржы есебінен қайырымдылық көмек көрсетілді.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру