ҚМДБ-нан мешіт ұжымдарындағы адамгершілік тәрбиесін жандандыру, әр қызметкердің отбасылық құндылықтарына баса көңіл бөлу, жамағатпен көркем қатынас жасау туралы ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнін «Мешіт мақтанышы» атты мәдени шарамен бастады. Шараға аталмыш мешіт ұжымы түгелдей қатысты.
Шара барысында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тазалықшы Шамшырақ Жаңбырбайқызы, аспаз Шара Алпысбайқызы, кітапханашы Назым Ғизатқызы және журналист Амантай Тойшыбайұлының өмір жолдары, еңбектерін адал атқарып, ұжымның қалыптасуына, береке-бірлігінің артуына, мешіттің көркейіп, гүлденуіне қосқан үлестері туралы сыр-сұхбат, әңгімелер өткізіп, жастарға олардың еңбегі мен тәжірибесін үлгі етіп айта келе, кәдесыйлар табыстады.
Шараны қорытындылап сөйлеген өкіл имам Нариман Ермекұлы: «Қазақ дәстүрінде әр адамның үш жұрты бар дейді. Ал бүгінде төртінші жұрт болып әр мекеме мен ұйымның ұжымы саналып жүр. Шынында да, ұжымды құрайтын әр қызметкердің жетістігі ұжымның жетістігі, кемшілігі ұжымның кемшілігі делінеді. Халқымызда «Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның», «Мыңның түсін танығанша, біреудің атын біл» деген мақалдар бар. Түпкі мағыналары кең. Бұларды әр ұжымға қатысты қолдануға да болады. Айталық, осы орталық мешітте қырыққа тарта қызметкер жұмыс атқарады. Күнделікті қарбалас жұмыста жүріп, бір-біріміздің табиғатымызды жетік біле бермейтініміз шындық. Егер әркімнің өмір және еңбек жолдарынан хабардар болсаң, ұжымдағы ахуал да жақсара түспек»,-деді.
Шара барысында мешіт ұжымының әр жылдардағы өмірінен үзік сырлар шертілетін бейне ролик көрсетіліп, Мәуліт мерекесінің құрметіне орай ұжымның барлық мүшелеріне де әртүрлі сыйлықтар табыс етіліп, аса жоғары көңіл күймен байыды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.01.2016
4235
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру