Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен «Орал» орталық мешітінің ұстаздары Гүлжамила Ахметова мен Баубек Бектұрғановтың ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесінің құрметіне «Жақсылыққа жарысыңдар» атты қайырымдылық шарасы болып өтті.
Мақсаты мұқтаж жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында 30 отбасыға, күнделікті тұрмыста тұтынатын азық-түліктер ұн, күріш, май, қант, макарон, шәй т.б. тарту етілді.
Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы иманды азаматтарға шексіз риясыз алғысын білдіріп, өткен ата-бабаларына дұға жасап, жылына бір келетін Мәуліттің мұсылман баласының өміріндегі маңызын түсіндіріп, Қасиетті Құранда Алла Тағала құлдарына «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» (Хаж сүресі, 77 аят) деген. Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. Баршаларыңызды осы Мәуліт меркесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға Алланың нұры жаусын деген ақ тілегін білдірді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.01.2016
3486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру