Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбарға сағыныш Мәуліт мерекесі атап өтілуде (ФОТО)

05.01.2016 4071 0 пікір

Алматы қаласындағы «Қалқаман-2» мешітінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы» дәмханасында Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мерекенің ашылуына «Қалқаман-2» мешітінің азаншысы Нуриддин қари қасиетті Құран аяттармен басталды. 

Рухани кештің құтты қонақтары Алматы қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет, Наурызбай аудандық мешітінің Бас имамы Мәди Ахметов, «Ардагерлер» үйінің қариялары, «Ақ үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері және мешіт жамағаттары қатысты.

Алматы орталық мешітінің Бас имамы жиылған көпшілікке Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, Мәуліт мерекесін тойлаудың маңыздылығы жайында тоқталып өтті. Сондай-ақ елімізге белгілі ұстаз Абжаппар Сманов Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан сыр шертіп уағыз-насихат айтты.

Рухани кеште Аюб қари Мәуліт оқып, жамағатпен бірге Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат оқылды. Сержанәлі Әлібек пен Асылхан Шүңіреков діни әндер орындап, халықтың көңілін бір сергітті.

Мәуліт соңында еліміздің амандығына, дініміз исламның көркеюуіне дұға жасалып, жиылған көпшілікке мешітіміздің Бас имамы Мейрман Саттарқұл келген қонақтарға ізгі тілегін айтып, жиылған көпшілік ризашылықпен тарқасты.

«Қалқаман-2» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру