Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақжар» мешітінде Мәуліт мерекесі өтті (ФОТО)

31.12.2015 3984 0 пікір

Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты «Ақжар» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) туылған айы Мәуліт мерекесі атап өтілді.

Бұл күні Пайғамбарымызға (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) мыңдаған салауаттар айтылып, Құран оқып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп қайырлы істерді көптеп жасап, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарихынан сыр шерту қажет. Хадис шәрифтте: «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады»,-деген.

Осы ұлық мерекеге орай «Ақжар» мешітінің асханасында арнайы ақ дастархан жайылып, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолынан сыр шертілді.

Жиынға Наурызбай ауданының Бас имамы Мәди Ахметов, ауданға қарасты мешіт имамдары және мешіт ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызбен қатар, мешіт жамағаттары да қатысты. Аудан имамы мен «Ақжар» мешітінің Бас имамы Марат Аманжолов жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Мәуліт айының қадір қасиеті туралы уағыздар айтты.

Келесі күні «Ақжар» мешітінің Бас имамы Марат Аманжолов бастаған мешіт ұжымы «Ақ үміт» балалар үйіне қайырымдылық көмек жасады. Балаларға арналған түрлі ойыншықтар, мектеп құралдары салынған 120 балаға арнайы мектеп сөмкелері таратылды.

«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) асыл сөзі кез-келген шынайы мұсылманды қайырымдылық пен жақсылыққа ұмтылдырары сөзсіз.

Пайғамбарымыздың ізгі сүннеті болған қайырымдылық қасиетін жаңғырту жолында «Ақжар» мешіті ұжымының басты мақсаты.

«Ақжар» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру