Исі мұсылман үшін мәуліт айының орны ерекше. Мәуліт айы кірісімен Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнап салауат пен сәлем айтып, ардақты Елшінің өмірінен уағыз айтып, жамағатпен мәуліт оқиды. Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнап Маңғыстау облыстық орталық мешітте «Зекет» қорының облыстағы өкілі Хантөреев Серіктің ұйымдастыруымен 30-шы желтоқсан күні 200 адамға дастархан жайылып, мәуліт оқылды.
Мәулітті облыстық мешіттің азаншысы Қазақ Али оқыса, өкіл имам Сейтбеков Смайыл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі жайында уағыз айтты. Мешіт ақсақалдары өздерінің ақ баталарын беріп, әжелеріміз де дұға етіп, салауат айтып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.12.2015
3318
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру