Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Әзірет Сұлтан» мешіті өтіп бара жатқан қой жылын тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратумен аяқтады. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған Мәуліт мерекесінің құрметіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде түрлі рухани және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен кеше тағы бір қайырымдылық шарасы болып өтті. Астана қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылып, мұқтаж жандарға Мәуліт мерекесінің жылуын сезінуге сеп жасалды. «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген көп балалы және науқас сәбилері бар, сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік жеткізіліп, мешіт қызметкерлері рухани қолдау білдіріп қайтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.12.2015
3581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру