Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт айы құрметіне қайрымдылық жасалды (ФОТО)

31.12.2015 4603 0 пікір

Əрбір жылғы мəуліт мейрамы қарсаңында көптеген қайрымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді. Осы жылғы мәуліт мерекесі тұсында Алматы қаласы, Медеу ауданы «Фатима» мешітінің ұжымы даму интелектісі төмен балаларға арналған КММ №6 арнайы (түзету) мектеп-интернаты қайрымдылық көмек көрсетті.

Бас имам Мұсабек Тағанұлы бастаған мешіт ұжымы, арнайы мектепте тәрбиеленіп жатқан оқушыларға оқу құралдарымен қатар парталар, компютер жене басып шығару (принтер) сыйлыққа берді.

Мәуліт мерекесі құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Жаратқан Жаппар Хақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан салауатымызды қабыл етсін!

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру