ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітінің жанындағы «Діни сауат ашу курстарының» әйелдер тобында сауапты іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда ДСАК ұстазы Әбиева Еңлік Мұратқызының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның білім беру тұжырымдамасы аясында алғашқы рет бірінші сатысын бітірген шәкірттер сынақтан өтті. Шәкірттер Құран, ғибадат, сенім және Пайғамбарымыздың өмірбаяны пәндері бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам А. Керімбек арнайы қатысып шәкірттерге сәттілік тіледі.
Сынақты қабылдау комиссия құрамына ОҚО облыстық орталық мешітінің найб имамдары М.Естеміров және Е.Қарақұлов, сондай-ақ ұстаздары Н.Бақытжанұлы мен Е.Тәжібаевтар кірді. Жоғарғы көрсеткішке ие болған шәкірттер арнайы сыйлықтармен марапаттарып, қатысқан жалпы 30 шәкіртке Құран кәрім сыйға тартылды.
Содан соң жиын Пайғамбарымыздың мәулітіне арналған мерекелік іс-шарамен жалғасты. Арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар берілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.12.2015
3687
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру