Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үздік шәкірттер Түркияда

30.12.2015 3592 0 пікір

ОҚО Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қариялар дайындау орталығындағы оқып жатқан бір топ озат шәкірттерді ынталандыру мақсатында Түркияға Республикасына саяхат жасауға жолдама алды.

Аталымыш оқу ордасының құрылтайшысы Қалиолла Маджановтың тікелей бастамасымен үлгілі һәм озат 10 шәкірт қариларымыз Түркияға аттанып кетті. Олардың барлық шығындары Түркия Дін істері басқармасы тарапынан төленіп отыр.

Озат шәкірттерді шығарып салуға Шымкент әуежайынан ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек, найб имам М.Естеміров т.б. азаматтар қатысып, оларға сәттілік тіледі.

Бүгінде шәкірттеріміз Ыстамбұл қаласындағы барлық зиярат орындарын тамашалауда.

Осы тұста айта кету керек, оқу ордасында 70 шәкірт калам-шарифті жаттауда. Оларға Діни басқарманың талабына сай барлық жағдай жасалып, үш мерзіл ас-су, жатын орын мен өзгеде қызмет түрлері көрсетіліп келеді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру