ОҚО Түркістан қалалық орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қалашығы, Мәдениет сарайында «Адамзаттың ардақтысы – Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты мерекелік қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.
Мерекелік шараға облыс имамы А.Керімбек, қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлын, Ардагерлер алқасының төрағасы Нәліхан Шотаев ақсақал, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Президенті Уәлихан Әбдібековті, Мәдениет сарайының директоры Гүлсара Зияддинқызы, Түркістан сазды драма театрының директоры Ержан Исатаев, театрдың орынбасары Нұрболат мырзалар т.б. студенттер мен қала тұрғындары қатысты.
Рухани шарада Түркістан қаласы орталық Түркістан-Ахмет Яссауи мешітінің бас имамы Омар Елеуұлы, наиб имам Сүлеймен қари Моллатілеуұлы мен Жүніс қариларымыз мәуліт хұтбасын оқыды. Осыдан кейін, Р.Сейітметов атындағы Түркістан сазды драма театрының әртістері дайындаған «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірге келуі» атты қойылымдары мен ән-термелер жүректерді тербеп, халықтың жүрегіне имандылық, тәрбиелік ой-сала білді.
Өз кезегінде көпшілік халық осындай қайырымдылық шараларды ұйымдастырған барша азаматтарға алғыстарын жеткізіп, ыстық ықыласына бөленді.
Шара барысында барлық қатысушыларға Діни басқарма тарапынан жарық көрген «Мәуліт құтты болсын!» кітабы таратылып, бірқатар үлгілі имамдарамыз өкілдік тарапынан тарапатталды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.12.2015
3634
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру