Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жыл қорытындысына арналған жиын

30.12.2015 3142 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жыл қорытындысына арналған жиын болып өтті. Өңірдегі қала, аудан мешіттері имамдарының басын қосқан өкіл имам С.Сейтбеков Астанада өткен  Бас мүфти қатысқан төралқа жиынында тапсырылған міндеттер мен жұмыстар жайында түсіндірді. Бүгінде ел мүфтиятының имамдарға арнаған бағдаршамы - 4 бағыт пен 4 құжат туралы айтып,  тапсырма аясында белсенді  жұмыс жасау қажеттілігі туралы  баяндады. 

«Алдағы жылы да 4 бағыт бойынша жұмыс жалғаса беретін болады.  Уағыз насихат,  қайырымдылық, жат ағыммен күрес және сауат ашу курстарын жандандыру бағыттары күн тәртібінен түскен жоқ. Сондай-ақ, имамдар форумында қабылданған 4 құжатты әрбір имам білуі тиіс»,- деді өкіл имам С.Сейтбеков.      

Жиын барысында өлке имамдардың жыл бойы жасаған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Мұнайлы, Өзен, Бейнеу мешіттері имамдарының шәкірт тәрбиелеуде, үгіт  насихат жұмыстарын жасауда үздік қызмет еткені үшін Бас мүфтидің Алғысхатына ұсынылды. 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру