Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәртөк ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтті

30.12.2015 3505 0 пікір

Барша мұсылман баласына белгілі желтоқсан айының 22-жұлдызы Мәуліт айы кіріп, күллі ғаламның рахым нұры болған ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) тулған күні. Осы мәртебелі мерекеге орай Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық әкімшілік пен аудан имамының ұйымдастыруымен аудан жұртшылығы жоғарғы деңгейде атап өтті.

Аталған шараға ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Нұрлан Байжігітұлы арнайы барып қатысты. Ауданға арнайы барған өкіл имамды аудан әкімі арнайы қабылдап, сұхбаттасты. Аудандық «Жастар» паркіне өкіл мен аудан әкімі бірлесе «еліміздің көрегесі мәңгі көркейіп, көгере берсін» деген ниетпен шырша ағашын отырғызды.

Сондай-ақ «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеште аудан тұрғындарымен жүздескен Нұрлан Байжігітұлы дәстүріміз бен ғұрпымыздың дінмен астасып жатқандығын, қазақы болмысымыздың өзінен мұсылмандық сипат айқын аңғарылатынын айта келіп, елге, жерге қызмет етіп, салт-дәстүрімізді дәріптеп, дамыту, дінімізді берік ұстану керектігі турасында көпшілік қауымға насихат айтты.

Сонымен қатар, асыл пайғамбарымыздың (с.а.с) әрбір амалы мен мінез-құлқын ғұмырлық үлгі етіп, күнделікті өмірімізді амалымызды сүннетке  сай ету мұсылман баласының міндеті екендігін атап өтіп, Мәртөк жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымызға салауат айтты.

Сондай-ақ, мәртөк өңіріндегі әлеуметтің жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетіліп, мұқтаж жанұялардың мерекелік қуанышпен жүздері шаттанып, бір марқайып қалды.

Қайырымдылық шарасынан соң, өкіл имам жамағатқа бесін намазын өткізді. Барша жиналған жұршылық аудан әкімінің арнайы мәуліт асының дастарханынан дәм татты.

Адамзат баласының абзалы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с)-ның ұлық да дара сипаттарын саналы ұрпақ қашан да дәріптей бермек.

Осындай игі рухани кештен әсер алған Мәртөк аудандық жамағатының риясыз көңілдерінен ыстық сезімдер арта түсіп, Пайғамбарымызға деген сағыныштары жүректерін шынайы қуанышқа бөлегендей.

Ақтөбе облыыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру