Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт имамы мемлекеттік медальмен марапатталды

30.12.2015 4569 0 пікір

Елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың алтын шаңырағына айналған Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын қорытындылаған ХІХ сессия Ақтаудағы «Хан-шахар» сарайында болып өтті. Облыс әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен өткен шараға этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік мекеме, үкіметтік емес ұйымдар басшылары мен журналистер қатысты.

Осы алқалы жиында елдің татулығы мен бірлігі үшін еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа облыс әкімі алғыс хаттар мен «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ақтау қалалық «Бекет-ата» мешітінің бас имамы Дүйсен қажы Хаснияздың да имандылық жолында атқарып жүрген еңбегі еленіп, кеудесіне медаль тақты. Марапатыңыз құтты болсын, асыл дініміз –исламды насихаттаудағы еңбегіңіз жана берсін дейміз!

Анар Шамшадинова,
Ақтау қалалық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру