Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесі атап өтілді (ФОТО)

29.12.2015 3353 0 пікір

Алматы қаласы «Зәм-Зәм» мейрамханасында «Адамзаттың ардақтысы хазіреті Мұхаммед (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын)» туылған күніне орай рухани кеш өткізілді.

Алатау ауданына қарасты «Көк-Қайнар» мешітінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кеші жоғарғы деңгейде өтті. Келген қонақтарға дастархан жайылып, діни әндер орындалып, пайғамбарымызға (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. Бұл кеште белгілі дінтанушы мамандар уағыз-насихат жүргізді.

Кешке арнайы «Қарттар» үйінен ақсақалды қарияларымыз, Әмина апамыз бастаған «Перзент» үйінің балалары және «Фердаус» қоғамының зағип жандары қадірлі қонақтары болды.

Оларға «Көк-Қайнар» мешітінің арнайы әзірлеген сыйлықтар таратылып, жетім балаларға киім және қаражылай көмек көрсетілді.

Алатау ауданы «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру