Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі «Орал» орталық мешітінде ұйымдастырылған 4 айлық сауат ашу курсы аяқталып, емтихан тапсырды.
4 айлық курста, Құран әліппесі, Пайғамбар тарихы, Ақида, бойынша арнайы білікті ұстаздар Гулжамал Ахметова мен Бархыт Абдирова дәріс берді. 4 айлық курсты жақсы оқып, нәтиже көрсеткен апа-қарындастарымызға ҚМДБ-ның БҚО-ның өкілі «Орал»орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтановтың арнайы куәлігін табыс етті.
Орал орталық мешіттің найб имамы Бауыржан Қожагелдиев: «Бүгінгі таңда, Қазақстан халқы рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру салтын қалыптастыру жолында екендігі баршаға мәлім. Әуелі ілімді рухани тәрбиеден бастау, асыл дініміздің құндылықтарын үйренуге құлшынудан тұрады. Бұл жолда мақсатқа жету үшін діни ілім алып, Алланы тануға құлшынудан асқан бақыт жоқ», – дей келе, білім иелерінің екі өмірде де дәрежесінің жоғары болатынын жеткізді. Жамағаттың діни сауатының жоғары болуы, қоғам тыныштығының кепілі, мешіт ұстаздары мен имамдарының атқарған қызметтерінің нәтижесі. Алла баршамызға ауызбіршілікті нәсіп еткей.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДб-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2015
3179
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру