Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылында ескі мешіт кеңейтіліп, мұсылмандар игілігіне жаңа мешіт пайдалануға берілді. Имандылық үйінің ашылу салтанатына өңір тұрғындары мен облыс имамы С.Сейтбеков, аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеев қатысты. Жаңа мешіттің бой түзегеніне құттықтау сөзін арнаған өкіл имам ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді.
Боранқұл ауылында 8 мыңнан астам халық тұрады. Ауыл мешітінің имамы Рустам Мырзаевтың айтуынша бұрынғы ескі мешіт ішіне жамағат сыймай, шәкірт оқыту да біраз қиындық келтірген. Осы жағдайды көріп, 80 адамдық кішкене мешітті 300 адамдық үлкен мешітке айналдырып, құрылысына бастан аяқ өзі қатысып, мешіт салу ісін мойнына алған иманды азамат Мұрат Бақытұлы сауапты істің ұйытқысы болды. Жаңа мешіттің кітапханасы, әйелдер залы, дәрет алатын орны, сабақ өткізілетін бөлмелері де бар.
Ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Бір - бірін құттықтаған жамағат жаңа мешіттің ішіне кіріп, өкіл имаммен бірге намаз оқып, облыс имамының «Мешіт – иманның ордасы» тақырыбында айтқан уағызын тыңдады. Жүзден астам жамағаты бар, 30-ға жуық шәкірті бар ауыл имамы Р.Мырзаев рухани орданың ашылуы халықтың дінге деген ынтасын, жақсылықтар жасауға деген ықыласын тудыратынын айтады.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2015
4492
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру