Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сағыныш хаты» шығарма бәйгесі өтті

28.12.2015 3848 0 пікір

Мәуліт айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы Әйгерім Ахметованың ұйымдастыруымен «Мәуліт мүбәрак болсын!» деп аталатын  мерекелік шара болып өтті. Намазхан қыз келіншектердің рухани отырысында діни өлеңдер тыңдалып, пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтылды. Сонымен қатар үздік салауат айтудан жарыс өткізіліп, қатысқан отыз адамның ішінде Жұмагүл Шелмұратқызының тартқан салауаты жоғары көрсеткішті көрсетті.

Мәуліт айына орай әйелдер жамағатының арасында  шығарма жазудан бәйге ұйымдастырылған болатын.  «Сағыныш хаты» деп аталатын шығарма бәйгесіне қырыққа жуық үміткер қатысты. Кеште шығарма бәйгесінің жеңімпаздары анықталып, ең үздік шығарма иесі өз туындысын  жиналғандарға оқып берді. Әділ қазылардың шешімімен жеңімпаз 19 жасар стаудент  Жадыра Бақытжанова  атанды. Жадыраның «Сағыныш хаты» деп аталатын  жүрекжарды жазбасы тыңдағандардың көзіне жас алғызды. Ол өз тебірінісін қаламмен өрбітіп, пайғамбарымыздың асыл бейнесін ұлықтап, бүгінгі күнгі үмбеттің оның өсиетін берік орындап жүрмегеніне қынжылысын қосқан екен. 

Салауат тартудың және шығарма бәйгесінің жеңімпаздарына қомақты сыйлық беріліп, Алғыс хат табыс етілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру