Қасиетті мәуліт айының құрметіне орай Ақтау қаласындағы облыстық музыкалық драма театрында «Адамзаттың асылы» атты мерекелік кеш өтті. Пайғамбарымыздың (с.а.с) мүбәрак сөздерін естіп, оның (с.а.с)қалдырған өсиеттерін тыңдауға келген халық залды лық толтырды.
Кеш шымылдығын мешіт азаншысы Қазақ Әли Құран аяттарымен ашып, әуезді үнімен Алланың қастерлі сөздерін әуелетті. Онан соң облыс имамы С.Сейтбеков жиылған жұртшылықты мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз (с.а.с) туралы, ол (с.а.с) дүниеге келмей тұрып орын алған оқиғалар жайында әңгімеледі.
Кезек пайғамбарымызға (с.а.с)салауат айтылып, мәуліт оқуға келді. Мұнайлы аудандық мешітінің найб имамы Юнус Асга ортаға шығып, өзінің шәкірттерімен бірге сансыз сауаптан тұратын салауат арнап, пайғамбарымызға (с.а.с) мадақ айтты. Қаз қатар тізілген шәкірттердің салауат дұғасына имандылық кешіне келген халық та қосылды.
Мәуліт оқылып болған соң, кешке арнайы келген «Өнер қырандары» тобы сахнада имандылық, шүкірлік, ораза жайында көріністер қойып, көрермен ықыласына бөленді. Бүгінде аты елімізге танымал кішкентай әнші бүлдіршін Нұрмұхаммед Ибрагим сахнада ән шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Өлке өнерпаздары да ән мен жырдан шашу шашып, тағылымды кешті тартымды өткізді.
Ине шаншар орын қалдырмаған көрермен қауым мәуліт кешінен зор әсер алып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.12.2015
3475
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру