Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліттегі ақ дастархан

28.12.2015 3331 0 пікір

Мәуліт мерекесі Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірген келген ай. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолын күллі адамзат баласына насихаттау үшін тойланатын ерекше күн. Бұл күні Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мыңдаған салауаттар айтылып, Құран оқып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп қайырлы істерді көптеп жасап, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарихынан сыр шерту қажет. Хадис шәрифтте: «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады»,-деген. 

Осы ұлық мерекеге орай, 26 желтоқсан күні "Иманғали" орталық мешітінде жамағат арасында ақ дастархан жайылып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан сыр шертілді. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, Мәуліт айының қадір қасиеті туралы уағыз айтты. Ал, "Әт тақуа" мешітінің Бас имамы Өсімхан Тілеуов "Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) - біздің шапағатшымыз" атты тақырыпта уағыз насихат жүргізді. Сонымен қатар, дастарханға жиылған жамағаттың сұрақтарына Бас имам Батыржан Мансуров тұшымды жауап берді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру