Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орталық мешітте өткен мәуліт тойы (ФОТО)

28.12.2015 3398 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен, облыстық орталық мешітінің ұстазы Гүлжамал Ахметова мен әйелдер жамағаттарының қолдауымен алғашқы рет Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған айына арналған мәуліт мерекесі өтті.

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді,-   деді Дінбасшымыз Ержан қажы Малғажыұлы.

Осындай игі шара облыстық орталық мешітінде жалғасын тауып, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлының құттықтауын, найб имам Бауыржан Қожагелдиев жеткізді.

Ақжайық тұрғындары мен қонақтары естіген уағыз бен мәулітті орындау арқылы үлкен рухани азық алып, мерекелік дастархан жайылып, шара жоғары деңгейде өтті.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру