Бүгін қасиетті жұма күнінде Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты «Райымбек батыр» мешітінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген мәуіт айы аталып өтті.
Игі шарада қонақтарға дастархан жайылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, мәуліт айының артықшылығына тоқталып өтті.
Өз сөзінде Бас мүфти: «Мәуліт айында Алланы мадақтап, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол» - деген болатын.
Шарапаты мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Жаратқан Жаппар Хақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан салауатымызды қабыл етсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.12.2015
3836
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру