Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт жайында сұхбат берді

25.12.2015 3475 0 пікір

Адамзаттың ардақтысы хазіреті Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің туылған Мәуліт айының құрметіне орай бүгінгі қасиетіті жұма күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Ербол қари Отанханұлы облыстық «Халық радиосының» «Таным» бағдарламасына  арнайы сұхбат берді.  

Жарты сағаттан астам жалғасқан сұхбат барысында  Ербол қари Отанханұлы Алла Елшісінің өнегелі өмірі туралы қысқаша айта келе, Мәуліт мерекесіне орай арнайы рухани шаралара өткізу, Алла Елшісінің  тығылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс екендігін, бұл шаралар  дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті екендігін тыңдарман қауымға ұғынықты түрде, мысалдар келтіре отырып баяндап берді.

Сұхбат жұма күні 17.00 сағатта, сонымен қатар алдағы жексембі, дүйсембі күндері қайталанып берілетін болады.

Шарапаты мол мәуліт мерекесі баршамызға құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді  нәсіп етсін. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру