Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институтын 50 имам бітірді

25.12.2015 3337 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оқу ағарту саласына басымдық беріп, мұны тікелей өз бақылауына алған болатын. Бұл игі істің шынайы көрінісі Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру институтының оқу бағдарламасы 4 айдан 2 айға дейін қысқартылып, аз уақыт аралығында діндарларға сапалы білім беру көзделді. (4 ай оқу имамдарымыздың жамағаттан ажырап және бұл отбасыларына да ауыр тиетіні және т.б. мәселелер де ескерілді) Оқу орнында имамдарымызға 2 ай айдың ішінде 400 академиялық сағат дәрістер оқылып, соңында сынақ тапсырып, біліміне қарай диплом алады. Аптаның тек жұма күні ғана демалыс болып жарияланып, өзге күндері 6 пардан кешке дейін сабақ өтілді. Сондай-ақ, биылдан бастап қабылданған имам-молдаларға халал өндірісі жайында пән енгізіліп, осының нәтижесінде қосымша сертификат та табысталатын болды.

Биыл қазанның 26-шы жұлдызында оқуға қабылданған 50 имам-молда желтоқсанның 25-күні бітіріп, қолдарына дипломдарын алды. Салтанатты жиынға имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры Кенжәлі қажы Мырзабаев, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Иса, Алматы қаласы бойынша сауат ашу курсының жетекшісі Талғат Спанов т.б. қонақтар қатысып, имамдардың дін жолындағы қызметіне сәттілік пен ақжол тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру