Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Икрам Бақытжан Қостанай «Автомобиль» колледжінің 4 курс студенттеріне ҚМДБ-ның Тұғырнамасын таныстырып, оның маңыздылығын, аса құнды екендігі туралы сөз етті.
Сонымен қатар қазіргі таңда жастар арасындағы өзекті болып тұрған мәселелерді көтеріп олармен күресудің жолы имандылық және дін мен дәстүрді ұстану керектігін жеткізді.
Кездесуде Тұғырнаманың жастарға беретін тәрбиелік мәні, құжаттардың басты мақсаты ел мұсылмандарын қазіргі заман талабына сәйкес білімді болуына, ізгілікке, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға шақыру, түрлі ағымдарға түсіп кетуге жол бермеуге, өзге діндер өкілдерімен ынтымақта тіршілік етуге, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауда отандық тәжірибені нығайтуға үлесін қосатындығын атап өтті.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.12.2015
2997
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру