Кеше Талдықорған өңірі Панфилов ауданы, Керімағаш ауылында Мәуліт мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті. Мереке Керімағаш шипажайында болды.
Игі шара Керімағаш ауылының «Сүлеймен» мешітінің ұйымдастыруымен Керімағаш шипажайының қолдауымен жоғарғы деңгейде өтті. Келген қонақтарға дастархан жайылып, діни әндер орындалып, пайғамбарымызға (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды.
Шара барысында бес тас ойнаудан қыздар арасында жарыс ұйымдастырылып, Талдықорғаннан келген Кулмайра Тілепалдинова, Алматыдан келген Орынгүл Чингалиева қатысып жеңімпаз атанды. Ал, ұлдар арасында асық ойынынан жарыста Алматыдан келген Саят Әлибек 1орын, Астанадан келген Канат Алсейтов 2 орынды иеленді. Жеңімпаздарға шипажай президенті Сүлеймен атаның атынан сыйлықтар табысталды. Игі шараға Панфилов ауданының имамы Медетбеков Құндызбек арнайы келіп қатысты.
Керімағаш ауылы,
«Сүлеймен» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2015
3522
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру