Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам мемлекеттік медалімен марапатталды (ФОТО)

24.12.2015 3896 0 пікір

Тәуелсіздік мерекесінің елімізге сыйлаған қуанышы қуаныштарға ұласып, дін саласына еңбек сіңіріп келе жатқан азаматтардың еңбегі еленуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың 3 желтоқсанындағы жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Өкіл имам өз кезегінде: «Бұл барша дін қызметкерлеріне көрсеткен Елбасының құрметі. Сондықтан Алла Тағала елбасымызға күш-қуат беріп, тәуелсіз еліміздің бүгіні мен болашағы жарқын болсын!»- деп алғысын білдірді.

Өкіл имамның қаламыздағы ұлтаралық және дінаралық достықты нығайтуда қосқан сүбелі үлесі де зор. Қала басшылығының руханият саласына бағытталған жұмыстарына тірек бола білген азамат.

Нұрбек Ауесханұлын мерекелік медалімен құттықтап, еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру