Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық шарасы жасалды

24.12.2015 3234 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы жасалды.  Мұқтаждар тізімінде тұрған 35 жанұяға жылқы еті таратылды.

Найб имам Құрманбек Абдалиевтің айтуынша, мешітке зекетін малдай тапсырған мұсылман азаматтың өтінішімен  мал мешітте сойылып ет шикілей мұқтаж адамдарға берілді.

Мешіттен жиі берілетін қайырымдылық көмекті алып тұратын көп балалы жанұялар мен оралмандар, жесірлер, мүгедек балалары бар отбасылар қайырымдылық шарасына рахмет айтып, алғыстарын білдірді. 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру