Ертістің Павлодар өңірінде адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесіне арналған жоспарға сай тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосулар аталып өте бастады. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Соның бірі, 23-желтоқсан күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйел шәкірттерінің ұйымдастыруымен жүргізілген «Ол (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) не айтса да дұрыс» тақырыбындағы Мәуліт мерекесі. Мерекені мешіттің сауат ашу курсының қазақ және орыс тілді топтары бірлесіп ұйымдастырды. Рухани шара әуелде қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып арықарай қазақ және орыс тілдерінде Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) арналған әртүрлі салауаттар айтумен жалғасып, Алла Тағаланың көркем есімдері, «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) өмірі» және «Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) соңғы намазы» бейнетаспалары көрсетіліп, шәкірттердің рөлдерде ойнауымен «Мұсылман қыздың басынан өткен оқиғасы» атты сахналық қойылым ойналды. Сонымен қатар ұстаздар Қарлығаш Қажымәлікқызымен Жұлдыз Рашидқызы қазақ және орыс тілдерінде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен уағыздар айтты. Соңында шәкірттер мерекелік дастарханнан дәм татып, көңілді тарқасты.
Осылайша өңіріміздегі ауыл, аудан, қала мешіттерінде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру арықарай жалғасын таба беретін болады.
Алла Тағала баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, берекелі басқосуларда жолықтыра берсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2015
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру