Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әкім имамдарды марапаттады

23.12.2015 3635 0 пікір

Алматы қаласы Әуезов ауданы мешіттерінің бірқатар имамдары Әуезов ауданы әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлының қабылдауында болды.

Жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау, имандылыққа шақыру бойынша атқарылған жемісті жұмыстары үшін аудан әкімі имамдарды алғыс хатпен марапаттады.

Биылғы жылы имамдарымыз жылдағы үрдіске сәйкес аудан әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы орта және жоғары оқу орындарында студенттермен біршама кездесу өткізіп, уағыздар айтты. Кездесулер барысында имамдарымыз жастардың зор ықыласына бөленіп, олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берген болатын.

Әкім тарапынан Тәуелсіздік мерекесіне орай көрсетілген бұл марапат имамдардың қажырлы жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру