ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінің магистрі, Алматы қаласы «Қарағайлы» мешітінің Бас имамы Ермек Жамбылұлымен кездесу өтті.
Аталмыш іс-шара №47 мектеп оқушыларымен, «Нұр Отан» партиясының ғимараттында белсенді жастармен және де «Бегалы ата» мешітінде жамағатпен уағыз-насихат жүргізілді.
Жат ағымдардың алдын алып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен жиында жастар – ел болашағы, жастар тәрбиесі, иманды да ибалы жастар турасында тілге тиек болды. Сондай-ақ, радикалды ағымдардың зардаптары мен зияндары сөз болды.
Алматыдан ат артып келген Ермек Жамбылұлы жастарға ой салар сүбелі сөз сөйлеп, рухты сілкіндірер уағыз айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2015
3883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру