Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өзінің кезекті сапарын облысымыздың оңтүстігіндегі Наурызым ауданынан бастап, Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарында болып, жергілікті мешіттермен және атқарылып жатқан шаралар барысымен танысты.
Өкіл имам Наурызым ауданындағы «Түркебай», Арқалық қаласында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіттерінің жамағаттарымен жүздесіп және сол жердегі діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Сол өңірдің «Арқа дидары» телеарнасы журналистеріне сұхбат берді.
Торғай өңірінің Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан», және Жангелдин ауданының орталығындағы «Оспанқожа әулие» мешіттерінде жамағатпен кездесу өткізді.
Аталмыш кездесулерде өкіл имам үстіміздегі жылы қабылданған ҚМДБ Тұғырнамасы мен Бас мүфти хазреттің тапсырмасы негізіндегі төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге қазіргі таңдағы теріс ағымдардың зардабы жөнінде айта келіп, жастарды одан барынша сақтандыру керектігін, халық арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты барынша нығайтуға шақырды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2015
3180
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру