Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатқа тұғырнама түсіндірілді

22.12.2015 3360 0 пікір

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның тарапынан қабылданған "Тұғырнама" кітабының мәні мен маңызы туралы имамдар мен мешіт жамағаттарына түсіндірді.  

Жиынды ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, жүргізіп отырды. Оның әңгімесінде елімізде тұңғыш рет өткізілген I республикалық имамдар форумына облыстан 30-ға жуық имамдар мен дінтанушылар қатысқандығы, форум барысында көптеген келелі мәселелердің көтерілгендігі, соның ішінде, жиынның қорытындысы бойынша төрт құжаттың қабылданғандығы, атап айтқанда, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжаттары бойынша алдағы кезеңдерде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған мәселелер сөз болды.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру