Маңғыстау облыстық орталық мешітінде имамдардың білімдерін жетілдіруге арналған семинар өтті. Өңір мешіттерінің молда –имамдарының басын қосқан шариғат сабағын Алматыдан арнайы келген теолог Мухиддин Рашид пен облыстық мешіт ұстазы Құрметхан Байғара жүргізді.
3 күнге созылған білім алу семинарында имамдар ақида , фиқһ салалары бойынша ұстаздардан дәріс алды.
Облыстық орталық мешітте имамдардың біліктілігін жетілдіру сабақтары жиі ұйымдастырылады. Жаңа төлқұжат – Тұғырнама талабына сай имамдар шариғи саланы терең меңгеруі, өз ісінің нағыз маманы болу міндеттелген. Осыған орай өңір имамдарын біліммен сусындату жүйелі қолға алынған.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.12.2015
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру