Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұғырнама белсенді түрде насихатталуда

22.12.2015 3512 0 пікір

Қазақ елі тәуелсіздік алған соң, атеистік көзқарастың ықпалынан  құтылған қалың көпшілік дінге ден қоя бастады. Бірақ қазір дінімізді бұрмалап, өз беттерімен жат ағымдарды туғызып отырған күштер пайда болды. Дін саласында оң-солын танып үлгермеген жастарымыз жат ағымдарға еріп кетуде. Жастарға ата-бабаларымыз ұстанған асыл дініміздің қасиетін түсіндіріп, дұрыс жолды көрсету әрбір мұсылманға парыз. Бұл бағытта Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұқара халықен бірге жасап жатқан жұмыстары республика көлемінде жүргізілуде.

Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесін қалыптастыруда  «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» басшылыққа алған дін қызметкерлері ұлтаралық татулықты, конфессияаралық тұрақтылықты сақтау жолында жұмыстанып келеді. Бұл жұмыстар Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылдық мешітінде де кеңінен өрістеуде. Мұсылман бауырларымыздың өз бетінше шешім шығарып, өз алдарына жамағат құрып адасу деректері көп кездесуде. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Қызылтөбе мешіт имамдары жамағатпен жұмыс жасап, күн сайын құптан намазының алдында Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы бойынша уағыз айтып, насихат жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жұма күндері кешкі уақытта дастархан басында уағыз айту дағдыға айналды. Нәтижесінде Қызылтөбе мешітіне келетін, асыл дінімізге ден қойған жастардың қатары көбеюде. Бұл орайда жастарға арналған тәрбиелік маңызы зор діни кітаптар қоры жеткілікті. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасында» көрсетілгендей ислам дінінде отансүйгіштікті, дінаралық, ұлтаралық сыйластықты сақтауды, ислам дінімен сабақтасып жатқан қазақтың салт-дәстүрлерін дамытуды, ислам дінінің заманауи ғылым, білім, тәрбиеге қатысты ұстанымдарын, исламның дәстүрлі медицинаны қолдайтындығы туралы тақырыптарды ашып көрсетіп, жастарға насихаттау жолға қойылды.

Сонымен қатар адамды адастыратын жаман әдеттерден сақтандыру, отбасылық құндылықтарды қадірлеу, адами асыл қасиеттерді дамыту тақырыптары да жоспарға енгізілген. Ауыл тұрғындарының рухани орталығына айналған Қызылтөбе мешітінде ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар Имам Ағзам Әбу Ханифа және Имам Әл-Матуриди мәзһабын ұстануға үндейді. Мешіт имамдары бұл орталықты бүкіл облыс тұрғындарына тәлім-тәрбие беретін орынға айналдыруды көздейді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру