Мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен қолға алынған білім сайысының алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұратынын да айтқан болатынбыз. Осыған орай, кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында да білім сайысы болып өтті.
Сайысқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бұхарбаева Эльмира, Алдиярова Жанат, Тілегенова Ақбөпе сынды ұлағатты ұстаздарынан дәріс алатын 208 шәкірт арасынан 60 үміткер қатысып, ақида саласы бойынша даярланған тест сұрақтарына жауап берді. Берілген тапсырмалар бойынша жоғары ұпай жинаған 5 қатысушы сайыс ережесіне сәйкес ақтық сайысқа жолдама алып отыр.
Айта кетейік, ақтық сайыс желтоқсан айының 25-жұлдызы күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтеді. Жүзден жүйрік шығып, діни сауаттылықтарын танытқан бес үміткерге де жүлделі сыйлықтар қарастырылған. Ақтық сайысқа іріктеу кезеңі бойынша жоғары ұпай жинаған мына шәкірттер қатысады:
1. Жукиева Жанар – 96 ұпай.
2. Каринова Ләззат – 94 ұпай.
3. Тоқтан Саламат – 94 ұпай.
4. Сах Әйгерім – 94 ұпай.
5. Телева Ажар – 94 ұпай.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.12.2015
3176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру