Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құлсарыда қосымша мешіт ғимараты ашылды

22.12.2015 3944 0 пікір

Құлсары қаласы Атырау облыс орталығынан 200 шақырымдай қашық орналасқан қала. Халық саны мен экономикасы дамып келе жатқан аймақ. 1995 жылы  қала орталығынан мешіт салынып ел игілігіне берілген болатын. Биыл осы мешітке 20 жыл толды.

Осы мерей той құрметіне мешітті кеңейту туралы Бас имам А.Исаев бастаған діндарлар және жамағаттар бастама көтерген болатын. Бұл ұсыныс жергілікті әкімдер тарапынан қолдау тауып, 600 адамға арналған мешіт 1500 жамағатқа үлкейтіліп, жуырда құрлысы аяқталды. 18 желтоқсан күні осы қосымша ғимараттың ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансұров, аудан әкімі Мақсым Шапиқұлы, имамдар, кәсіпкерлер, ардагерлер және мешіт жамағаттары қатысты.

-  Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Осы іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болғай,- деді өкіл имам.

Мешіттің жаңа келбеті ерекше көз тартымды, сондай-ақ діни ағарту саласына қызмет ететін дәрісхана және кітапхана бөлмелері де қарастырылған. Мешіт құрлысын жүргізген «Жылыой Строй Сервис» ЖШС-нің басшысы С. Балжігітовке, аудан әкімі Мақсым Шапиықұлына Бас мүфти хазреттің алғыс хаты табысталды.

Жылыой аудандық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру