ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай Алматыда «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан Шығыс Қазақстандық студенттерге дастархан жайды.
Кездесуге аталған оқу орыныда білім алып жатқан студент жастар қатысты. Өкіл имам жүздесу барысында олардың хал жағдайларын жеке-жеке сұрап танысқан соң шығыстағы діни ахуал, алдағы мақсат міндеттер туралы айтып, бүгінде өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
«Ауылдардар мен аудандарда имамдардың жетіспеушілігін сезініп отырмыз. Сондықтан да ел-жұрт сендерге үміт артып отыр. Оқуларыңды тәмамдаған соң ауылдарыңа барып дін жолында қызмет атқарсаңдар құба-құп болар еді. Мен бұл жайында «Дипломмен ауылға» атты бастама көтеріп,іске асыру оны діни басқармаға таныстырмақшымын. Осыған байланысты әр аудандық әкімшіліктер жергілікті халықтың діни сауаттылығын артыру мақсатында өздеріңдей білімді жастардың келіп қызмет атқаруына мүдделілік танытып отыр. Халық және әкімдік бірлесіп, баспанамен басқа да қажетті көмектермен көмектеседі. Сол себепті осы ұсыныс ойларыңда жүрсін деген ниетпен айтып отырмын» деді, өкіл имам, өз сөзінде.
Студент жастар қауымы да мұндай құнды ұсыныс үшін алғыс айтып, әрқайсысы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар осындай ашық-жарқын кездесу үшін өкіл имамға ризашылықтарын жеткізді.
Бұл бір салиқалы әңгімеге толы жарқын жүздесу болды.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2015
3386
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру