ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жұмыс сапарымен Өскемен қаласына іргелес жатқан Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде болды. Өкіл имамды Ұлан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Өмірбекұлы қарсы алды.
Ермек Тасболатұлы әкімшілікте Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Бахитұлы, аудандық мәслихат төрайымы Назигүл Өсерқызымен кездесіп, аудандағы діни ахуал туралы пікірлесті.
Бұдан соң мәдениет үйінде Ұлан ауданының қарияларымен жүздесті. Өкіл имам: «Ұлтымызда «Ауылыңда қарт болса , жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер сіздердің өнегелі істеріңіз жас ұрпаққа үлгі. Халқымызда үлкенді сыйлап,қариясын құрметтейтін сан ғасырлар сынынан сызат түспеген ислам дінімен ұштасқан тамаша дәстүр бар. Біз де осы салтты сақтаймыз, сіздерді әрқашан құрмет тұтамыз» дей келе, ауданның әр ауылдарынан жиналған қарияларға салиқалы уағыз айтты. Ақсақалдар қауымы ризашылықтарын білдірді.
Сапар барысында Ермек қажы Тасболатұлы кенттегі Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектепте болып, шәкірттермен кездесіп, оларға білімнің пайдасы жайлы салиқалы әңгіме айтып, «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» таныстырып өтті.
Өкіл имам аудан орталығында тұратын 92 жастағы Мағиза әжеге әдейі барып сәлем берді. Әжеге зор денсаулық тілеп орамал жауып, ақ батасын алды.
Өкіл имам сапарын аудандық мешітте қорытындылап жамағатпен сұхбаттасып, мешіттің хал жағдайымен танысып, бесін намазын өтеп,елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілеп, дұға жасады. Сонымен қатар мешітте аудан орталығының шырайын ашып тұрған осындай сәулетті «Мұса баба» мешітін салып берген кәсіпкер Қайрат Мусинмен кездесіп, ғажайып құлшылық ғимаратын халыққа сыйлағаны үшін алғыс айтып, берекет тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2015
3402
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру