Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды

21.12.2015 3286 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әрбір имамның кем дегенде бес шәкірті болуы керектігін айтып, ел азаматтарының діни білімін көтеруге баса назар аударған болатын.

Бас мүфти бастамасы аясында, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде, Бас имам Жұманазар Садырхановтың ұйымдастырумен мешіт имамдары тұрақты түрде жүйелі сабақ алатын шәкірттерді Ислам құндылықтарымен сусындатуда. Атап айтсақ, мешітте жыл бойы Құран әліппесі, тәжуид, Құран, ақида, фиқһ, т.б пәндер бойынша сабақ беруде. Қазан айынан бері имамдардың жеке-жеке атсалысуымен «Сендердің қайырлыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің» атты сауат ашу бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. Аптасына екі сағаттан білім алған 100-ге жуық шәкірт бүгінде Құранға түсіп, алды бірнеше пара жаттап үлгерді. 

Осыған орай, мешіт шәкірттерін жігерлендіру, жамағаттың бірлігін арттыру, имамдар мен шәкірттер арасында тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Алтай» дәмханасында, аталмыс сауат ашу бағдарламасы бойынша, күнделікті білім алып жүрген 100-ге жуық шәкіртке арнайы дастархан жайылып, аталмыш курсты сәтті тамамдағандықтары үшін арнаулы сертификат табысталды.

Арнаулы іс-шараға Бас имам Жұманазар Садырханов өзі қатысып, Құранға түскен, Құраннан бірнеше пара жаттаған мешіт шәкірттеріне өз қолымен сертификат табыстады.

Алланың кітабын жаттауға талпынған шәкірттерге мешіт тарапынан Құран Кәрім және арнаулы басылған хадис кітабы сыйға берілді.

Оразбек САПАРХАН


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру