Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ (ФОТО)

19.12.2015 3705 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай Алматы қаласы имамдарының өкіл имамға жылдық есеп беру жиыны өтті.

Қала имадары Әуезов ауданына қарасты «Таугүл-3» мешітінде бас қосып, Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет аудан имамдарының жылдық қорытынды есебін тыңдады. Жиын барысында жыл бойы 4 бағыт бойынша, «Дін мен дәстүр» жылы аясында, тұғырнаманы насихаттауға бағытталған және өзге салаларда жүргізілген жұмыстар бейнеролик форматында көрсетіліп, оларға баға берілді.

Әр ауданның жұмысы талқыланып Бас мүфти тапсырмаларын тыңғылықты орындаған жекелеген мешіттерге алғыс айтылып, тиісті имамдарға ескертулер жасалды.

Алматы қаласының өкіл имамы қала имамдарының жұмысына жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру