Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

70 адамға қайырымдылық көмек берілді

18.12.2015 3238 0 пікір

Ел тәуелсіздігі күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде  мұқтаж жандарға қайырымдылық шарасы жасалды. Мешітке келген 70 адам қаржылай көмекке ие болды.

Зекет беру исламның шарты. Осы парызын өтеуге ниет еткен кәсіпкер азамат атын атамауды өтініп, облыстық мешітте мұқтаж отбасылар тізімінде тұрған жандарға қаржылай беруді аманаттады. Әрбір адамаға 15 000 теңгеден зекетін беруді ниет еткен кәсіпкерге өкіл имам ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тілеп, дұға етті.

Қайырымдылық көмек беруге алдымен көп балалы жесір аналар, мүгедек балалары бар аналар, оралмандар орталығындағы тұрмысы төмен отбасылар  лайық деп танылды. Зекет көмегін алған жандар берген азаматқа алғыстарын айтып тарасты.

Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековтің айтуынша өңірде жыл сайын  зекеттерін беріп, исламдағы бес парызының бірін бұлжытпай орындайтын кәсіпкерлер көп. Олар зекеттен тыс қайырымдылық шараларға да жиі көмек қолдарын созады. Облыстық мешітпен қоян қолтық бірге жұмыс жасайтын кәсіпкерлер мешітке келіп көмек сұраған, басына қиындық туып ауыр халге душар болған жандарға мейірімділік танытуды әдетке айналдырған.  

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру