Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Желтоқсандағы жылуылық

17.12.2015 3542 0 пікір

Бірлігі мен берекесі жарасқан Жетісу аудандық «Әл-Мәдина» мешітімен, Алатау ауданына қарасыты «Алғабас» мешітінің ұжымы мен мешіт жамағаттары Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлерін аралап, мерекемен құттықпақ шықты.

Арнайы ұйымдастырылған шара барысында жағдайы төмен отбасыларды бір айлық азақ түлікпен қамтамасыз етті. «Әл-Мәдина» мешіті әр отбасына 25 келі картоп пен, 15 келі жау үлестірді. Сонымен қатар рухани білім ордасы «Әбу Ханифа» медресесіне 350 келі картоп берілді. Ал Алғабас мешітінің ұжымы азық түлік салынған «Ізгілікке бастар жол» деген арнайы қорап әзірлепі, отбасыларға үлестірді.

Пайғамдарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» - деген.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру