Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік - баға жетпес байлық

17.12.2015 3388 0 пікір

Тәуелсіздік күні қарсаңында Әуезов ауданына қарасты «Таугүл-3» мешітінің ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде «Тәуелсіздікке 24 жыл және мемлекеттің исламдағы орны» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Жиын басында Тәуелсіздік мерекесіне арнайы түсірілген бейнеролик көрсетіліп, кездесу барысында Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті және осы күнге жету жолында ата-бабаларымыздың басынан өткізген қиын кезеңдері әңгімеге арқау болды. Студенттер сұрақтарын қойып, пікір алмасып отырды.

Шара соңында оқу орнының басшылығы келген қонақтарға дән риза болып, алғыстарын білдірді.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру