Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған іс-шара

17.12.2015 3593 0 пікір

Қостанай облысының Рудный қалалық «Нұр» мешіті Тәуелсіздік күніне орай қаладағы «Олимп» спорт кешенінде мұсылман жамағаты арасында футбол мен волейбол ойындары түрінен жарыс өткізді.

Іс-шараны өткізудегі мақсат жамағат арасындағы бірлікті арттыру және дінімізде сондай-ақ салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлетінін көрсету. Егеменді еліміздің тәуелсіздігінің баға жетпес қазынасы екенін Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы тілге тиек етті. Жарыс өте тартысты өтіп, орын алған командаларға бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды. Ойын барысында техникалық белсенділік көрсетіп, жақсы ойнаған Дауылбаев Ерболат пен Тұңғышбеков Шоқанға қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды. 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру