ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өкілдікке қарасты аудандарды аралау сапары аясында еліміздің шығыс шекарасы-Шемонаиха ауданында болды.
Өкіл имамды қала әкім М.Желдібаев ауданның бас имамы Ибраһим Еркинбай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Карышев және мешіт жамағаты қарсы алды. Өкіл имам жамағатпен сәлемдескен соң аудан имамы мешіттің жай-күйімен таныстырып, атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады .
Бұдан соң Ермек қажы Мұқатай аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында болған қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Өкіл имаммен болған бұл кездесуге «Нұр Отан» партиясының төрағасы Е.Шерепанова, Шемонайха аудан әкімінің орынбасары В.Лисина, аудандық мәслихаттың төрағасы А.Баяндинов, қала әкімі М.Желдібаев, аудан имамы Е.Ибраһим сонымен қатар ақсақалдар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық, қалалық, әкімдік қызметкерлері қатысты.
Жиында аудан имамы ағымдағы жылғы атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Шарада сөз алған партия басшысы мен аудан басшылары өңірдегі ұлттар арасындағы татулықты сақтау жолындағы ислам дінінің маңызы жайлы айта келіп, аудан имамының атқарған істері қанағатты деп бағалады. Сонымен қатар өкіл имамның қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыстай беретіндігін жеткізді.
Бұдан соң өкіл имам Шемонаиха қаласындағы «Техникалық колледжде» болып, студент жастарға Исламдағы асыл құндылықтардан ғибратты әңгіме айтып, жастардың қойған танымдық сұрақтарына жауап берді.
Бұдан соң Ермек қажы Тасболатұлы осы өңірде орналасқан 156/6 түзету мекемесіне келіп, онда аудан имамынан дәстүрлі исламнан дәріс алып жүрген жазасын өтеушілермен кездесіп, исламнан тәлімді әңгіме айтты.
Өкіл имам аудан мешітінде жамағатпен намаз өтеп, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілеп, дұға жасады.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.12.2015
3368
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру