Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл ауданына жаңа имам тағайындалды

15.12.2015 4029 0 пікір

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша өкілі, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы Нұржан Манапбаев Жамбыл ауданының жамағатына жаңа тағайындалған имамдарымен таныстырды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен осы күннен бастап Жамбыл ауданының бас иамамы қызметіне Жұматаев Жетпісбай тағайындалды. Осы ауданды төрт жыл басқарған, қазіргі таңда «Үшқоңыр медресесінің» директорлық қызметіне ауысып, жұмысын бастап кеткен Ернар Мажен өзінің орнына келген ауданның Бас имамын құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Сол күні аудан жұртшылығы Ернар Маженнің жас та болса Бас имам болып жүрген кезде атқарған қызметінен біраз сыр шертіп, жаңа тағайындалған иамамнан да сондай игі істер істейтінінен үмітті екендерін жеткізе отырып, қазақы салтпен оның иығына шапан жауып, шығарып салды. Бұл қызметіне жаңадан тағайындалған Жетпісбай Жұматаев жамағаттың үмітін ақтауға уәде беріп, алғашқы жұма намазын өткізді.

ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру