Желтоқсанның 14-күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауына байланысты облыс активі өтті. «Нұр Отан» партиясы ғимаратының үлкен мәжіліс залында болған облыс активін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ашып, төрағалық етті. Батысқазақстандықтар Елбасы Жолдауын толықтай қуаттап, насихаттап, оны жүзеге асыруда жұмыла еңбек ететіндерін мәлімдеді.
Облыс активіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала, аудан әкімдері, облыс әкімдігінің басшылары мен қызметкерлері ардагерлер және партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың БАҚ өкілдері қатысты.
Облыс активі жиналысының күн тәртібіне бір мәселе ұсынылды. Ол – Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру болатын. Жиынға қатысушылар алдында облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы баяндама жасады.
Жиынды қорытындылай келе облыс басшысы Нұрлан Ноғаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жаңа бағдарламасының әр халықтың жүрегіне үміттің отын жағып, сенім ұялататын бағдарлама болатынына сендірді. Елбасы Жолдауына арналған үлкен актив соңында қарар қабылданды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2015
2990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру