Маңғыстау облысы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған төрт күндік семинар тренинг аяқталды. ҚМДБ-ның имам мамандары Еркебұлан Қарақұлов, Амантай Садуев, Данабек Жұмабеков екі күн Ақтау қаласында, екі күн Жаңаөзен қаласында болып имам молдаларға ақида, фиқһ салаларында дәріс оқыды. Сондай-ақ, ақшам және құптан намазы арасында жиналған жамғатқа уағыз айтты.
«Семинардан алған әсеріміз бен үйренген біліміміз көп. Әсіресе ақида саласында Алла Тағаланың мекенге мұқтаж еместігі, үш негіздің дінге қайшылығы, миғраж оқиғасындағы аспанға көтерілген пайғамбарымыздың (с.а.с) сапары Алла Тағаланың мекенін білдіртпейтіні айтылды. Фиқһ саласында сауда саттық мәселесі, қаржылық келісімді шариғат аясында жасау, т.б мәселелерге жауап таптық. Халық көп сұрайтын сұрақтарға ұтымды жауап, дәйекті дәлел ала білдік», - дейді облыстық орталық мешітінің найб имамы Елдар Атибеков.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2015
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру