«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» жаныңда қоршаған күллі пенде атаулыға мейіріммен қарауды негізгі өмірлік қағидаға айналдырған тектілердің жалғасы болғандықтан көршісі аш жатса, ұйқысы тыныш болмайтын қайырымы мол ұрпақ болу бүгінгі мұсылман баласына басты негіз болуы тиіс.
«Адам қайғысы - заман қайғысы» болған бұл қоғамымызда тағдыр тауқыметін тартып, материалдық мұқтаждыққа тап болған қандастарымызға бауырмалдықпен жәрдем беру де ұлтымыздың ұл-қыздарына ұлы міндет.
«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл сөзі кез-келген шынайы мұсылманды қайырымдылық пен жақсылыққа ұмтылдырары сөзсіз.
Пайғамбарымыздың ізгі сүннеті болған қайырымдылық қасиетін жаңғырту жолында Мәртук ауданынының тұрғыны Құлтанов отбасына Мәртук аудандық мешіті мен жастар жамағаты бірлесе отырып көмек көрсетті.
Отбасына қамқоршы болар отағасының денсаулығы еңбекке жарамсыз болғандықтан шаңырақтың жоқ-жітігін жамайтын азаматының жайын қамдап отырған Құлтанов Алма апайымызда қазіргі уақытта жұмыссыз.
«Ошақ басына қысқы дайындық жағдайы жасалмағандықтан, үйдің іші суық, сыртқы киімсіз отыру мүмкін емес. Бұл шаңыраққа кіріс кірмегелі біраз уақыт болғандығын бас сұққанда аңғару қиын емес. Осындай қысыл-таяң уақытта әрбір адам мұсылманшылдығын көрсетпесе, басқа кезде құр ауызбен жар салу бекершілік әрекет»,- деген, Мәртөк аудандық мешітінің бас имамы Бахрам Рафатдинов, бұл қайырымдылық шарасының бастамасы ғана екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, аудандық мешіт атынан азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, мешіт жамағаты тарапынан үйдің ішкі бөлмелеріне есік қондырылып, шағын жөндеулер жасалумен қатар, қысқы отын дайындығына көмек көрсетілді.
Аталған игі бастама алдағы уақытта да аяқсыз қалмай, жалғасын табатынына сенім білдірген Мәртөк жамағаты қайырымдылық істерін жалғастыратындарын айтады.
Рухани демеу болып, бар мүмкіндіктерімен жәрдем берген аудан имамы Бахрам Рафатдинов пенкөмек қолдарын аямаған белсенді жастарға Құлтановтар отбасы ерекше алғыстарын білдіріп, рахметтерін жеткізді.
Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2015
3523
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру